"Тағзым" күні қарттарға шапан жабылды

"Тағзым" күні қарттарға шапан жабылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Қош келдің, әз Наурыз» іс-шарасы және жоспарға сәйкес 15-ші наурыз «Тағзам» күніне байланысты ауданға қарасты елді мекендегі барлық мешіттерде мерекеге арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Тағзым» күнін атап айтсақ: орталық «Меркі ата», «Жақсымбет», «Қарабала Төре», «Жүніс молда», «Шақшам ата», «Әкімжан ата» мешіттерінде дүниеден өткен ата-баба рухтарына арнап Құран оқып бағыштады. "Ата-баба біздің асылдарымыз, көп жасаңыздар" атты кеш жүргізіліп, ата-баба берген тәлім тәрбие арқасында үлкенге құрмет, кішіге ізет жасап өсіп келе жатқан жастар келешекте саналы, намысшыл, отанын елін сүйер ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың борышымыз дей келе аудан бас имамы Батырбек қажы жасы 90-ды ауқымдай қалған кәриені әңгімеге тартып, болашақ ұрпаққа ізгі ниетін білдіруді сұрады.

«Тағзым» мерекесі күні, қасиетті жұма күніне тұспа-тұс келген, жұма намаз алдында өткен кездесуде қарияларға шапан жауып, сый-құрмет көрсетілді.

Меркі ауданы орталық «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: