Медресе шәкірттері білім додасында бақ сынады

Медресе шәкірттері білім додасында бақ сынады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін "Һибатулла Тарази" медресесінде студенттердің көшбасшылық, біліктілік деңгейін арттыру мақсатында  шәкірттер арасында білім сайысы өтті.  Дүбірлі додаға аталған оқу орнының барлық шәкірттері қатысты. Олар бірнеше топқа бөлініп, ақида, фиқһ, хадис, Құран, тәжүйд пәндері бойынша бақ сынады. 

Жарыс ережесі бойынша аталған пәндер негізінде экранда берілген бағандар бойынша 10, 20, 30 балдық сұрақтарға жауап беру керек. Ал, егерде сұраққа дұрыс жауап берілсе, топ сол балды қанжығасына байлайды, керсінше, жауап бере алмаса, ұпайсыз қалады. 

Білімді мыңды жығар алғыр шәкірттер арасында өткен тартысты білім додасына ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" медресесінің директоры Қанат Жұмағұл, медресе директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы, ұстаздар Асхат Акмамбетов пен Амангелді Ембергенов төрелік етті.

Бір-бірнен білімі оза шапқан жастар осы жарыста өз-өздерін тексеріп, алда болар талай сынаққа дайындық жасаған-ды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: