Шу ауданы имамдарының мәжілісі өтті

Шу ауданы имамдарының мәжілісі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Төле би" орталық мешітінде Аят қажы Дыбысұлының төрағалығымен тағы бір жиын өтті. Жиналысқа ауданға қарасты барлық ауыл мешіттерінің имам-молдалары қатысты. Жиын барысында бірнеше мәселелер қаралып, имам-молдалар өзара ой бөлісті.

Атап айтар болсақ, бұл алқалы отырыста мешіттің ішкі-сыртқы тазалығының сақталуы, мешіт ауласын көгалдандыру, мешіт имамдарының киім үлгілері, ауылдардағы мешіттерде күнделікті бесін және ақшам намазы уақыттарында уағыз айту туралы сөз қозғалды.

Бас имам биылғы 2019 жыл "Жастар" жылы болғандықтан көптеген іс-шараларды қолға алып, олармен тығыз байланыста болу керектігін де тапсырды. Сондай-ақ, түрлі діни сұрақтармен мешіт қызметкерлеріне қайрылған халыққа нақты жауаптар беріліп, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу жолдары көрсетілді. Ол үшін мешіт жамағаты мүфтияттың пәтуасы арқылы шығып жатқан түрлі газет-журналдарға жазылып, діни сауаттылықтарын арттырып отыру керектігі де айтылды. Осы және өзге де мәселелер бойынша имамдарға тапсырма жүтеген Аят қажы Дыбысұлы жарты жылдық есепке дайын жүру керектігін де ескертті.

 Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: