Тазалық – алғашқы талап

Тазалық – алғашқы талап

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көктем келіп, табиғат та Жаратушы қалауымен, қайта тіріліп, көңілге шаттық сыйлауда. Облысымыз бойынша  көктемгі абаттандыру жұмыстары түрлі деңгейде ауқымды өтіп жатқанының куәгеріміз. Аталмыш сауапты іс-шарада Алланың үйлері-мешіттер алдыңғы сапта тұру қажеттігі асыл дініміздің басты талаптарының бірі.

Ауданның бас имамы Д.Жандосұлы тарапынан мешіт имамдарына жамағатпен бірлесе отырып тазалық жүргізу тапсырылған. Тапсырманың дер кезінде орындалуы - мұсылман  сипатынан. Ал, тапсырманың орындалу барысын қадағалау үшін ауданның бас имамы Д.Жандосұлы және наиб имам А.Сатылғанов ауылдық мешіттерді аралап қайтты.

Мешіттерді аралау барысында  комиссия тарапынан садақа жәшіктерінің пломбылануы, діни әдебиеттердің ҚМДБ талаптарына сәйкес болуы, бейнекамералардың жұмыс істеп тұруы, имам-молдалардың шапанының ҚМДБ бекіткен үлгіге сай болуы, табыттардың және т.б заттардың заманға сай болуы, дыбыс жүйелерінің, күшейткіштердің жұмыс істеп тұруы тексеріліп, мешіт аулаларының тазалығы жіті қадағаланды.

Құрылыс жүріп жатқан мешіт аулаларында құрылыс қалдықтарының болмауы, құрылыс жұмыстарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау тапсырылды.  Іс-сапар барысында Бетқайнар, Қақпатас, Әлжан ана, Кенен, «Имам Ағзам Әбу Ханифа» мешіттері өте жақсы көрсеткіштер көрсетті деп бағаланды. Кейбір мешіттерде орын алған олқылықтарды орындауға бір апта уақыт берілді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: