Аудан имамы жас спортшылармен кездесті

Аудан имамы жас спортшылармен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда  Т.Рысқұлов аудандық спорт комплекісінде ауданның бас имамы Сұлтаншәріп қажы  ауданаралық жарысқа қатысушылармен кездесу өткізді. Жүздесу барысында Ислам дінінің салауатты өмір салтына қаншалықты көңіл бөлетіндігіне тоқталды.

Бас имам өз сөзінде: «Пайғамбарымыз: "Аллаға әлсіз мүміннен қуатты мүмін жақынырақ", – деген. Қуаттылық тек қана күшпен өлшенбейді. Нағыз күшті азамат – қуаттылығын ата-анасына, туған-туыстарына, көрші-қолаңына мейірімділік таныта білуімен көрсеткен жан. Сіздер нағыз күшті адамның бейнесін қалыптастырып жүрсіздер. Спорт адамды тәкаппарланбауға, кешіпейіл болуға тәрбиелейді. Адам әрдайым жетістікке жете бермейді ғой. Спортшының жеңіліс табатын да кезі болады. Кейде бабы келіскенмен, бағы жанбай қалуы мүмкін. Мұндайда ердің ері ғана салы суға кетпей, сабырлықпен қабылдай біледі. Керісінше, жігерленеді. Дайындығын күшейтеді. Міне, бұл да нәпсімен күрес, нәпсіні тізгіндеудің бір жолы», - деді.       

Әбілда Мейірханов

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: