Бүгін "Һибатулла Тарази" мешітінің діни сауат ашу курсының шәкірттері білім емтиханын тапсырды. Бұл сынақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен сабақ жоспары бойынша ілім алып, келесі сатыға өту үшін 3 ай сайын тапсырылып тұрады.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен өткен емтиханда жақсы көрсеткіш көрсеткен шәкірттер келесі сатыға көшірілді.
Айта кету керек, әр сатыда 2 топтан 6 топ болса, сол топтағы шәкірттердің жас мөлшерінде шектеу жоқ. Яғни, жастар мен аналар, әжелер бір топта оқи береді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.