Бүгінгі күні өлім-жітім кезіндегі дастархан жаю барысында үлкен ысырапшылдыққа жол беріліп отырғаны жасырын емес. Қалыптасқан жағдайға байланысты қаралы үй аста-төк дастархан жайып, келген қонақтарды күтуге көп шығындалады.
Осы орайда ҚМДБ Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұлдың бастамасымен «Қаралы күндегі ас мәзірі және жаназа рәсімдері» атты кездесу өткен болатын. Сол кездесуде берілген тапсырмалар бүгін Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажының ұйымдастрыуымен ауданға қарасты ауылдық мешіт имамдарына таңыстырлды.
Мәйіт шыққан үйден ірі қара сойу, мәйіт шықпай жатып ас беру сынды біршама мәселелер талқыланды.
Әбілда Мейірханов