Ауданда айлық дастархан жайылды

Ауданда айлық дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көктемнің алғашқы күні Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраевтың ұйымдастуымен Қарақыстақ ауыл округіне қарасты «Қазақ» ауылдық мешітінде жамағатқа айлық дастархан жайылды.

Бесін намазынан кейін ақ дастарханға жиналған жамағат ауданың бас имамы Сұлтаншәріп қажының әсерлі де, тартымды уағызын тыңдап, рухани нәр алды.

Мүміндердің Құрандағы сипаттарын баяндаған бас имам сахабалардың өнегелі өмірінен сыр шертті. Қоғамымыздағы Алланың ерекше нығметіне бөленген дәулетті кісілерді жәннаттағы орындарымен сүйіншілеп зекет беруге шақырды. Мешіт жамағатын ауызбіршілікке шақырған имам бірлік пен бейбітшілікті басты назарға алды.

Әбілда Мейірханов

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: