Дін саласы күндеп дамып келе жатыр. Ата-бабасы дінін берік ұстанған дархан еліміз үшін әлі де талай дамулар мен серпілістер қажет екені жасырын емес. Осы мақсатта дін мамандары бар қыжыр-қайратын салып келді.
Осыған орай, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл Қордай ауданына іс-сапармен барып қайтты. Ауданның діни ахуалымен танысып, аймақтағы ауыл имамдарымен жүздескен өкіл имам олардың жұмыс барысын қарап, пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады.
Сонымен қатар, Қанат Жұмағұл ақшам намазынан кейін "Қордай" мешітінде жамағатпен жүздесті. Кешкі жиында "Истихфардың артықшылығы" туралы уағыз жүргізіп, көпшіліктің сауалдарына жауап берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі.