Қаратау жамағаты қуатты уағыз тыңдады

Қаратау жамағаты қуатты уағыз тыңдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамағат үшін түрлі дін мамандарының аузынан насихат тыңдап, білгенінің үстіне білім қосу иманды қуаттайды. Осындай шараларды мамандар арнайы ұйымдастырып, көпшілікті қуантатыны тағы бар. 

Осы мақсатта Қаратау қаласындағы Талас аудандық орталық мешітінде құптан намазының алдында жамағатпен имани жүздесу өтті. Бұл жолы имамға ұйыған көпшілік облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреевпен кездесті.

Игілікке мұрындық болған имам "Ілім алудың артықшылығы", "Ілім алудың пайдасы", "Ханафи мазһабының ерекшелігі" тақырыптарында уағыз айтты. Халықтың шариғатқа қатысты сан сауалына жауап беріп, дұға жасасты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: