Әйелдер жамағаты алғыстарын былай жеткізді...

Әйелдер жамағаты алғыстарын былай жеткізді...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шуақты көктем келіп, алғашқы болып "Алғыс айту күні" мерекесі шашу шашты. Осы айтулы күнге орай, әйелдер жамағатының басын қосып, әдеттен тыс форматта жиын өткізу мақсатында "Дәм үстіндегі сыр" атты кеш өтті. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының өкілі Гүлжан Алдасаеваның ұйымдастыруымен "Һибатулла Тарази" мешітінің шәкірттері мен жамағаты, ұстаздар "Үміт" дәмханасына жиналды. 

Қыздар, аналар мен әжелер болып жайылған дастарханда таныса, сырласа отырып насихат тыңдады. Ұстаз Гүлжан Алдасаева "Алғыс айтудың маңызы", "Пайғамбарымыз (с.ғ.с) көркем мінезі, "Кешірімшіл болу", "Адамдар арасындағы қарым-қатынас" тақырыптарында уағыз айтты. 

Іс-шараға қатысқандар бір-біріне сыйлық сыйлап, алғыстарын жеткізді. Алла Елшісі: "Бір-біріңе сыйлық сыйлаңдар, ол -  қарым-қатынасты нығайтады" - деп өсиет етті емес пе?

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: