Жамбыл аудандық орталық "Бәйдібек" мешітіне көпке танымал уағызшы Қарағанды қалалық "Әл-Машани" мешітінің бас имамы Қабылбек Әліпбайұлы келді.
Уағыз тыңдауға жиналған қарасы қалың жамағатқа жан-жақты шариғи тақырыптарды қамтыған көркем насихат айтып, сауалдарына дәйекті жауап берді.
Уағыз соңында бата жасалып, көпшілік алыстан ат артып келген меймамен бірге ақ дастарханнан дәм таптты. Мол мағұлмат алған жамағат уағызшы-имамды қайта күтетіндерін жеткізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.