ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл Жамбыл ауданына қарасты ауыл имамдарымен мәжіліс өткізді.
Ауылдағы діни ахуал жайлы сөз өрбіп, намаз, уағыз, қайырымдылық сынды шаралардың өту барысы баяндалды. Жиын соңында Айша бибі ауылының имамы Қатарбай Тәжібаев мен Өрнек ауылы "Рәпілбек" мешітінің имамы Орнасын Атыхаевқа жұмысы ілгері жүргені үшін алғыс хатпен марапаттады.
Айта кететін жайт, Аса ауылында "Бәйдібек мешітінің жанынан тегін "қайырымдылық дүкені" ашылды. Аталған дүкен әр аптаның жұмасында көпбалалы 2 отбасыға тегін қызмет көрсетеді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.