ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл Жамбыл ауданында іс-сапармен жүр. Өңірдің діни ахуалымен танысу мақсатында ауданды аралаған өкіл имам алдымен орталық "Бәйдібек" мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Сондай-ақ, Өрнек ауылы "Рәпілбек" мешітінің жамағатымен кездесіп, сұхбаттасты. Жаңадан бой көтергелі жатқан мешіт нысанын көріп, құрылысымен танысты.
Қанат Жұмағұл ертеңіміздің өрендері болған аудан жастарымен Жамбыл аудандық Жастар орталығында жүздесті. Олардың пікірін біліп, өз насихатын, кеңесін айтты. Сапар барысында өкіл имаммен аталған ауданың бас имамы Ғарифулла Қуанышбек бірге жүріп, мәліметтерін беріп отырды.
Мешіт атынан көпбалалы, жалғызбасты отбасыларға қайырымдылық көмегі көрсетілді. Бұл жәрдемді Өкіл имам өзі табыстап, жанұялардың хал-жағдайын сұрады.
Аудан тынысымен танысқан басшы жақсы баға беріп, өз ұсыныстарын жеткізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.