Өкіл имам "Алғыс айту күні" мерекелік шарасына қатысты.

Өкіл имам "Алғыс айту күні" мерекелік шарасына қатысты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

Осы күнге орай, елімізде түрлі іс-шаралар жасалып, халық көктемді бір-біріне алғыс айтумен қарсы алуда. Солардың бірі Жамбыл ауданында өткен "Алғыс айту" күніне арнайы ұйымдастырылған аудандық ауқымды мерекелік кешке ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл қатысып қайтты. 

Көпшілік алдында сөз сөйлеп: "Мұхаммед (с.ғ.с.) өз сөзінде айтқандай: "Кімде-кімнің адамға алғысы болмайтын болса, ол адамның Аллаға шүкіршілігі болмайды". Мінекей, біздің мына алғыс айту күнімізді Алла тағала мүбарак еткей, осындай қуанышты күндерімізді Алла тағала көп болуды нәсіп еткей. Елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, басымызға амандық, асымызға адалдық бергей.  Айдан-айға, жылдан-жылға аман-есен жеткізсін.  Жас ұрпақтар аға буын ағаларға ұқсап өскей. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын тіршілікте болуды жазсын" - деп ел бірлігі үшін бата берді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: