Ертеректе "Діни рухы мен сенімі берік ел жауға оңай тізе бүкпейді" дейтін халық. Ия, расында діни сауатты, рухы күшті жамағаты мен жастары бар ел болашақтың өркені.
Діни білім нәрін беріп, білікті маман даярлап отырған "Һибатулла Тарази" медресесінің шәкірттері бүгін Қарағанды қалалық «әл-Машани» мешітінің бас имамы Қабылбек Әліпбайұлымен жүздесті.
Тараз шаһарына қонақ болып келген имам жастарға білім аудың маңызы, Алла жолындағы білім сынды насихатын жеткізіп, сауалдарына жауап берді.
Еркін өткен сұхбат шәкірттерге біраз ой салып, белсенділіктерін арттырған-ды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.