Облысқа елге танымал уағызшы Қарағанды қалалық «әл-Машани» мешітінің бас имамы Қабылбек Әліпбайұлы ат басын тіреді. Білікті маман ақиқатты дөп басар, иманыңа рух берер, нақты да айқын, тура, келісті мысалдарымен көпке белгілі.
Қабылбек имам Тараз қаласында 3 бірдей мешітте уағыз жүргізді. «Бисмиллә» деп алғашқы насихат жиынды орталық «Һибатулла Тарази» мешітінен бастаған ол, «Әзреті Әли», «Шейх Зуннун» мешіттерінің жамағатымен де жүздесті. Іс-сапардың алашқы күндерінде аталған екі «Һибатулла Тарази», «Әзреті Әли», мешіттерінде «Алдыңғы үмбеттен бұл үмбеттің 21 артықшылығы» тақырыбында уағыз айтса, күндердің сұлтаны жұма күні «Шейх Зуннун» мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Ұстаз аузынан насихат тыңдауға келген халық қарасы көп болды. Көкейкесті сауалдар қойылып, мардымды жауаптар берілді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.