Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді.
Алғыс айту күні – ұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.
Осы айтулы күнге орай, Жамбыл облысында қызмет атқаратын діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті. Жиынға "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев қатысып қайтты. Ержан Маханұлы "Ислам дініндегі жақсылық пен қайырымдылықтың орны" тақырыбында сөз сөйледі. Ал, іс-шараға облыс әкімдігі дін істері бөлім басшысы С.Байбатшаев модераторлық жасаса, МРҰ-ның архистрі Д.Сташенко, католик кіркеуінің жетекшісі Р.Домбровски мен християн шіркеуінің көшбасшысы А.Ли достық, мейірім, бірлік туралы баяндамаларын оқыды.
Дін өкілдері барлық дінде ерекше мағынаға ие құндылықтарды сөз етіп, татулыққа шақырды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.