Облыстық мешіттің ұстазы Бас мүфтидің Алғыс хатын алды

Облыстық мешіттің ұстазы Бас мүфтидің Алғыс хатын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Ана - бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" дейді дана халқымыз. Тәрбиенің бастауы әйел адамында. Сондықтан да нәзік жандылардың қоғамдағы орны ерекше. Алып та анадан туады емес пе? Осы мақсатта Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ҚМДБ жанындағы Әйел-қыздар секторының аймақтағы өкілдерімен кездескен болатын.

Жиында сектор жұмысының жылдық қорытындысы сөз болып, бала тәрбиесі, деструктивті ағым, жамағат, өзара келісім сынды құндылықтарды насихаттау, т.б. мәселелер көтерілді. Аймақтағы ахуал баяндалып, пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Айтулы мәжіліске қатысып қайтқан ұстазымыз ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының өкілі, орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Гүлжан Алдасаева Бас мүфтидің алғыс хатын алды. Білімі мен біліктілігін дін жолындағы еңбегіне арнаған бетке ұстар ұстазымызға діни Төрағаның өзі марапатты табыстады.

 

Жас пен кәріге әділ ұстаз бола білген тәжірибелі маманға әлі алда асар асулары көп болып, мақтан тұтар, үміт ақтар шәкірттері көп болсын деп тілейміз.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: