Бұқараны діни сауаттандыру жұмыстары басты назарда

Бұқараны діни сауаттандыру жұмыстары басты назарда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қоғам арасында әр түрлі болмашы сұрақтарды көтеріп, ел арасында іріткі салып жүрген топтардың істерін ауыздықтау ҚМДБ ның басты жұмыс бағыттары екені мәлім. Аталмыш бағыттағы  іс-шараларды тиімді атқару  аудандық «Қордай» мешіті  қызметкерлерінің басты назарында.

Аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы А.Сатылғанов  жат ағымдардан сақтану, өз-өзіне қол жұмсау сынды түйткілді тақырыптар аясында насихат жүргізіп, «Қордай» гуманитарлы-экономикалық колледжінің студенттерімен кездесті. Кездесуге келген жастар дін қызметкерінің насихатына құлақ асып, өз сауалдарын жолдады.

Әлжан ана ауылдық «Құдайберген» мешітінің имамы С.Аманбаев  ауылдық әкімшілік қызметкерлерімен аталмыш тақырыптар бойынша кездесу өткізді.

 аудандық «Қордай» мешітінің

баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: