Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде мешіт ұстазы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің «Әйелдер-қыздар» секторы жетекшісі Алдасаева Гүлжан мешіт шәкірттерімен Тәуелсіздік күніне орай ашық сабақ өткізді.
Жиналған жамағатты мерейлі мереке Тәуелсіздікт мейрамымен құттықтап, «Тәуелсіздік – еліміздің еркіндігі » тақырыбында уағыз айтып: «Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Бұл Алланың бізге берген үлкен сыйы мен нығметі. Оны қадірлеп, бағалайұл Алланың бізге берген үлкен сыйы мен нығметі. Оны қадірлеп, бағалай білу баршамыздың міндетіміз», - екенін атап өтті.
Мешітімізге өндірістік тәжірибеден өтуге келген студент қыздар тақырыпқа қатысты өлең шумақтары мен монологтар оқып, ашық сабақтың сәнін кіргізді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі