Имамдар Билер кеңесінің құрамына енді

Имамдар Билер кеңесінің құрамына енді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облыстық Соты ғимаратының мәжіліс залында облыстық Билер кеңесінің құрамын сайлауға қатысты маңызды жиын өтті.

Жиынға Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Рүстембеков Жомарт, Жамбыл облыстық ардагерлер Одағының төрағасының орынбасары Жорабеков Сансызбай, Жамбыл облысы ардагерлер кеңесі жанындағы билер кеңесінің төрағасы Есіркепов Оңласын, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жапек Ғалымбек және аудан бас имамдары мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары, кәсіби медиаторлар  қатысты.

Билер кеңесін құрудағы мақсат — тұрғындар арасында пайда болған даулардың сотқа дейін шешілуіне ықпал ету. Кеңестің беделді мүшелері халық арасында туындаған жанжалдарды, талас-тартыстарды көне дәстүр негізінде шешуге ықпал етпек. Бұл Елбасының жақында ғана жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбегінде көтерілген мәселелермен үндес келеді. Билер кеңесінің міндеті медиация институтын шоғырландыру болып табылады және сот жүйесінің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің бірыңғай әдісі. Медиация бабалар дәстүрін жаңғырту үрдісі және оның қолдану дадуды шешудің тиімді жолы.

Алқа төрағасы Жомарт Рүстембеков медиация азаматтарға құқықтық кеңес беруді, дау санатын анықтауды, медиатор арқылы бітімгершілік рәсімдерді даярлауды және сотқа дейінгі келісім жүргізуді мақсат ететін атап өтіп, бүгінде осы соттардың медиаторлармен және кәсіподақтармен өзара ынтымақтасты одан әрі дамытуға бағытталғанын айтты.

Облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы билер кеңесінің төрағасы Есіркепов Оңласын  жас ұрпақты тәрбиелеуге осы бастаманың зор ықпалы барын, медиация институтын және Би кеңесін дамыту қоғамдағы даулардың төмендеуіне әкелетінін айтып өтіп, сондықтан барлықтарын татуластыру рәсімдерін белсенді қолдануға шақырды. 

Билер кеңесін қалыптастырып оны дамыту идеясы көшпенді халықтың көне дәстүрінің жалғасы болмақ. Билер кеңесі көшпенді қазақ халқының қоғамында маңызды мәселелерді шешетін органдардың бірі болған. Билер ол уақытта жекелеген мәселелер бойынша тиісті шешім қабылдап қана қоймай, бір мезгілде сот, прокуратура және адвокаттың қызметін атқарып, әділдіктің үстемдік құруына ұйтқы болған. Осы тұста имамдар да маңызды рөл атқарады. Соныдықтан, Билер кеңесінің қызметінде  имамдардың да  қосатын үлесін атап өткен жөн.

Жиынға қатысушылар Билер кеңесі мүшелерін сайлады. Әр аудан мен ауылдарда 5-7 адамдардан құралған Билер кеңесі болады. Ол кеңеске аудан, ауыл имамдары да мүше болады.  

Жиын қорытындысы бойынша, қатысушылармен Кеңестің құрамы мақылданып, аузы «дуалы» деген азаматтардан облыс  өкіл имамы Жұмабаев Данияр қажы,  Меркі ауданының бас имамы Қасымалиев Батырбек, Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп, Байзақ ауданының бас имамы Азизов Рамиз тағайындалды. Аталған барлық имамдарға медиатор сертификаты табыстылды. 

 

 «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: