Тәуелсіздікті аңсаған бабалардың ұрпақтарына қасиетті мереке бір күнмен шектелмей тойланатыны ақиқат.
Дін мен дәстүрді ұштастыра біліп тұғырлы мереке құрметіне және «Ислам және отбасы» жылына орай аудандық «Қордай» мешітінің әйел-қыздар сауат ашу курсының шәкірттері арасында ұстаз Есміқараева Эльмираның ұйымдастырумен «Алланың 99 есімі» жатқа айту бойынша жарыс жүргізілді.
Жарыс қызу бәсекелестік жағдайында өтіп, қызықты болды. Сауабы мол шараның жеңімпаздары анықталып, сыйлықтарға йе болса, жыл он екі ай мешіттің қоғамдық өміріне белсенді араласқан шәкірттерге алғыс хаттар сыйға тартылды. Іс-шара мерекелік дастархан басында өз жалғасын тапты.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі