Таразда Мәуліт кеші өтті

Таразда Мәуліт кеші өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Баласағұн» концерт залында мүбәрак мәуліт мерекесінің құрметіне рухани кеш өтті.

Кешті ұйымдастырушы ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі концерт залының ішіне лық толған жамағаттың барлығына араб тіліндегі Құран Кәрім кітабын тегін таратты. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің «Әйелдер-қыздар» секторы, әйел ұстаздар мен шәкірттері кештің құрметіне қайырымдылық жәрмеңкесін өткізіп, кешті тамашалауға келген жамағатқа тегін тәтті тоқаштар, бәліштер мен самса, сусындарды таратты.  

Аталған кешті «Асыл мұра» өнер орталығының жетекшісі Бекзат Сәкенұлы жүргізді. Кештің құрметті қонағы ретінде облыстық дін істер басқармасының басшысы Омаров Жангелді Жайлауұлы және қала, аудан бас имамдары мен басқа да танымал тұлғалар қатысты.  

Рухани кешке арнайы келген белгілі исламтанушы ғалым, ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Бауыржан Әлиұлы жамбылдық ағайынды мерекемен құттықтап, «Пайғамбарға деген махаббат» хақында насихат айтып, ардақты Алла Елшісінің (ﷺ) мүбарак хадис-шәрифінен  танымдық сыр шертті.

Айта кетер тағы бір жайт,  облыс өкіл имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлы Мәуліт кешінің билетінен түскен қаражатты түгелдей Тараз қаласындағы тұрмыстық жағдайы төмен 7 отбасына 50 мың теңгеден қайырымдылық ретінде үлестіріп берді. 

Кештегі діни қойылымдар жиналған жұртқа үлкен әсер қалдырып, иләһи әндер мен термелер де  орындалды.  

Кеш соңында қалалық мешіттің имамдары ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмір жолынан сыр шертетін мәуліт жырын қазақ және араб тілдерінде медресе шәкірттерімен бірге нақышына келтіріп орындады. Жырға қосылып жиналған жұртшылық Пайғамбарымызға (с.а.у.) арнап салауат айтты.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: