Ислам әлемі мен дініміздегі аса көрнекті қайраткер, әрі ғұлама хазіреті Әли өзінің сөздерінде: «Даналықтан асқан байлық жоқ, тербиеден асқан мұра жоқ, кеңестен асқан қорған жоқ», - деген екен.
Облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев Тараз қаласындағы «Аспара» колледжінде Исламдағы тәрбие тақырыбында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп, студенттермен кездесу өткізді.
Кездесуде Исламдағы қыз баланың, ұл баланың тәрбиесі, дініміздегі отбасы тәрбиесі мен қоғамдағы тәрбие туралысөз болды.
Студенттер тақырыпқа байланысты өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарын қойып, наиб имамнан толық жауап алды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі