Облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев Тараз қаласындағы «Білім» колледжіндегі студенттермен кездесіп, экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде наиб имам: «Деструктивті діни ағымдар – азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін діни ағымдар. Олардың ортақ сипаты – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді», - деп атап өтті.
Студенттер тақырыпқа байланысты өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарын қойып, толық жауап алды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі