Ұзақ өмір сүрудің сыры — аз жеу

Ұзақ өмір сүрудің сыры — аз жеу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Wisconsin университеті мамандарының 20 жыл бойы макака маймылдарына жасаған зерттеулері, қалыпты жағдайда алынған калория мөлшерінің азайтылуы қартаюды кешіктіре алатындығын көрсетті. Америкалық "Science" журналында жарияланған зерттеу нәтижелері мынадай:

— 1989 жылы басталған зерттеудің алғашқы кезеңінде 30 маймыл зерттелді, 1994 жылы тағы 45 маймыл қосылды. Бүгінде, аз тамақ берілген 20 маймыл және қалағанынша тамақ берілген 13 маймыл зерттелуде.

— Қалаған мөлшерде тамақ жеуіне рұқсат берілген маймылдар күніне орта есеппен 640 калория алады, ал жейтін азықтары шектелген маймылдар күніне 480 калория алады. Бұл өлшемдер адамның азықтануына сәйкестелгенде, күніне 2500 калория орнына 1900 калория алатын адамның денсаулығы мықтырақ, әрі ұзақ өмір сүретіндігі анықталды.

— Калория мөлшерінің азайтылуы кәрілікке байланысты ауруларға шалдығу қатерін 3 есеге төмендететін және өмір жасын арттыратынын көрсетті.

— Мамандар калория мөлшері шектеліп берілген маймылдарда обыр (рак) және жүрек-тамыр ауруларының белгілері, шектеусіз азықтанған маймылдарға қарағанда 50 пайызға аз болғандығын анықтады.

— Калория тұрғысынан шектеулі азықтану тәртібі, мидың жақсырақ жұмыс істеуін қамтамасыз ететіндігіне байланысты дәлелдемелер тапты. Осыған байланысты бұл маймылдардың есте сақтау және мәселелерді шешу қабілеті есейген жастарына қарамастан, белсендірек болған.

Зерттеу соңында, қалағанынша жеуіне рұқсат берілген маймылдардың 50%-ы, ал шектеулі азықтанған маймылдардың тек 20%-ы ғана өлді.

bilim-all.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: