Өлімге ертерек дайындалып қою дұрыс па?

Өлімге ертерек дайындалып қою дұрыс па?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамдардың өлімімен күнделікті бетпе-бет келіп жүретін дәрігерлер өлімнің расымен де «жақсы, жаман» болатынын айтып бере алады. «Жаман» өлімді жеңілдету үшін арнайы медициналық паллиативтік көмек құрылған.

Ислам діні турасынан, жақсы өлім – бұл тақуа адамның өлімі, яғни Алла Тағала разы болған жанның өлімі. Әйтсе де біз ешқашан қай адамның өлімінің жақсы болып саналатынын біле алмаймыз, алайда Алла Елшісі (ﷺ) нақты бір уақытта, жерде немесе нақты жағдайларда қайтыс болатын мұсылмандардың өлімдерін жақсы деп есептеуге болатыны туралы айтып кеткен болатын.

Жыл сайын Мекке қаласында қажылық парызын өтеуге барған қаншама мұсылман көз жұмып, бұл өмірмен хош айтысады. Әлгі адамның қасиетті жерде қайтыс болғаны ғана оның туған-туыстарына жұбаныш бола алады.

Алайда жақсы өлімге қатысты айтылған жалпылама мұсылман көзқарасы жеткілікті емес. Ол уақыт аспектілерін елемей, Алла Тағала мен қайтыс болған марқұмның арасындағы көзге көрінбес байланыс төңірегінде толықтай айналып жүреді. Осы мақалада «жақсы өлім» және ұмыт болған, алайда оны қайтадан жандандыруымыз қажет болатын пайғамбарлық дәстүрмен байланысын қарастыратын боламыз.

Заманауи зайырлылық қағидаты бойынша, «жақсы өлім» этикалық және мәдени стандарттарға сай адамның тыныш түрде жан тәсілім етуін, яғни табиғи себептермен туған-туыстарының ортасында еш ауыртпалықсыз өлім дәмін татуын білдіреді, алайда, іс жүзінде, адамдардың көпшілігі басқаша жан тапсыратыны белгілі ғой.

 

Адам өзін қайырлы өлімге қалай дайындауы керек?

Алла Елшісі (ﷺ) өз болмыс-тіршілігімен адам өмірінің барлық аспектілеріне көркем өнеге қалдырып кеткен.  Алла Елшісінің (ﷺ) өміріне көз жүгірте отырып, мұсылман өзін жақсы өлімге дайындай алатын 6 қадамды ұсынуға болады.

 

Өлім туралы ойланып, өлім туралы айта біліңіз.

Өміріміздің соңының қайырлы болуына дайындалудың көптеген амалдары бар, бірақ олардың бәрінің бірінші қадамы бірдей. Өлім туралы ой үрей тудырмайтындай ойланып көруге тырысуымыз керек. Өлімнен тыйым салынған нәрсені жасамау маңызды.

Алла Елшісі (ﷺ) өлім жайында жиі ойланып әрі сахабаларды да осылай жасауға үндеген. Ғасырлар өте келе бұл бізге де қатысты: «Рахатты жоятын өлімді жиі еске алыңдар!» (ат-Тирмизи, Ибн Маджа)

Үй-ішінде немесе жолдас-жоралардың ортасында отырып өлім тақырыбында әңгіме қозғауымыз, мұсылмандардың балалары зират басына баруына, жаназа, жерлеу рәсімдеріне, сондай-ақ, марқұм болған туған-туыстарды еске алу туралы әңгімелерге қатыса алады дегенді білдіреді.

 

Бірінші ескерту

Бірінші ескерту – төніп келе жатқан өлімді қабылдау әрі талқылау қадамы. Бұл дегеніміз – әлдебір адамның хал-ахуалы туралы жаман хабардың біртіндеп келуі, адамды моральды түрде өлімге дайындау. Аталмыш тәжірибені әдетте дәрігерлер қолданады, олар науқасты немесе оның туыстарын асқынған дерт жантәсілім сатысына келіп жетті деп ептеп ескертеді.

Мұндай тәсіл асыл дініміз исламда да көрініс тапқан. Алла Тағала Өзінің Елшісіне (ﷺ) бірнеше ескертулер жіберген. Біріншісі, Рамазан айында Жәбірейіл (а.с.) Құранды толықтай оқып бір хатым түсіргеннің орнына екі мәрте хатым түсірген. Содан кейін Алла Тағала ислам дінін кемеліне жеткізгені туралы аят түсірген, мұны да Алла Елшісі (ﷺ) ескерту ретінде қабылдаған.

Содан кейін асыл Пайғамбарымыз (ﷺ) қоштасу қажылық кезінде және мешітте өткізген уағыздарында өзінің жақындап қалған өлімі туралы мұсылман үмбетіне хабарлап, оларды моральды түрде дайындауды бастаған.

Ескертулер аса маңызды. Олар негізсіз үміттерге берілмей, нашар да жағымсыз көрініске дайын болуға көмектеседі.

 

Өлім сәтін қайда және қалай қарсы алуды таңдау

Ешбір пендеде өлім сәтін қарсы алар орынды таңдау мүмкіндігі жоқ, алайда өз өлімімен отбасы мүшелерінің ортасында жан тапсыру бір басқа дүние. Бірақ бәрі адам жоспарлағандай бола бермейді. Өкінішке орай, көбіне біз демалыс күндеріміз қайда өтеді деп бас ауыртамыз, ал өзіміздің соңғы сәтіміз қайда өтеді деп қам жемейміз.

 

Ал Алла Елшісі (ﷺ) өлімді қай жерде, қалай қарсы аламын деп уайымдаған. Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) әйелдерінің бірі Маймунның үйінде болғанда қатты ауырсына бастайды. Жан қиналысы үдей түскенде, ол әйелдерінен: «Ертең мен қайда боламын?» «Ертең мен қайда боламын?» деп сұрай береді.

Өйткені Пайғамбарымыз (ﷺ) кезегі келген әйелінің үйінде уақытын өткізетін болған. Әйелдері оның (ﷺ) тілегін үнсіз түсініп, Айша анамыздың (р.а.) үйінде қалуға мүмкіндік береді.

 

Жаназа намаз бен жерлеу рәсімдерін қалай өткізу керек?

Мұсылманша жерлеу рәсімдерінің қағидалары нақты әрі айқын болып келеді, бірақ тіпті осындай мәселеде де біз дербестікке құқылы емеспіз десек біздің қателескеніміз. Жаназа намазын қай имамның жүргізетінін, жерленетін жерімізді  және денемізді кімнің қабірге қоятынын біз өзіміз анықтай аламыз. Бұл жайттар өлім аузында жатқан адамның біраз да болсын жанын тыныштандырып, қашып құтылмас өлімге бойсұндырады.

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) осылай жасаған. Жантәсілім етпес бұрын Пайғамбарымыз (ﷺ) оның денесін әл-Гарс құдығынан су алып жууды тапсырған, өйткені тірі кезінде Алла Елшісі (ﷺ) дәл сол құдықтан су ішуді ұнатқан болатын.

 

Жерленетін орынды қалай таңдау керек?

Бұл көз жұмған пенде ықпал ете алмайтын маңызды шешім. Сол себепті қайтыс болған адам, қайтыс болған жерінде жерленуі тиіс. Тақуалар мен Пайғамбарымыздың (ﷺ) сахабалары жерленген орындарда, мысалы, Меккедегі Жәннәт әл-Муаллада, Стамбулдағы Сұлтан Аюпта және Дамасктегі Баб ас-Сагир сияқты кеңінен танымал болған мұсылман қабірстандары көптеп кездеседі.

Пайғамбарымыздың (ﷺ) өлімінен кейін сахабалар жерлейтін жер іздеп әбігерге түседі. Сол кезде Әбу Бәкір (р.а.) тірі кезінде Пайғамбарымыздың (ﷺ) пайғамбарлар жантәсілім еткен жерінде жерлену керек деген сөзін есіне түсіреді.

 

Өлімнен кейін сіздің мұраңыз қалай бөлінуі тиіс?

Исламдағы мұра құқығы мұсылмандардың қателесуіне мүмкіндік қалдырмайды әрі қатаң түрде реттеліп отырады, бірақ, өкінішке орай, заманауи мұсылмандар өздері тұрып жатқан елдегі заңның әртүрлілігіне байланысты олардың заңды мұрагерлерінің құқықтары шариғатқа сай сақталатындығына сенімді емес.

Пайғамбарымыз (ﷺ) да оның өлімінен кейін өзінің мұрасымен не болатындығы туралы уайымдаған, алайда оның мұрасында материалдық нысандар болмаған. Бұл рұхани мұра еді, сол себепті ол (ﷺ) мүміндерге бірнеше рет намазды тастамауды және Тақуалардың Аналарына қамқорлық көрсетуді тапсырған болатын. Сонымен қатар, Алла Елшісі (ﷺ) тірі кезінде-ақ мүміндердің арасындағы Әбу Бәкірдің (р.а.) орнын көрсетіп кеткен, нәтижесінде ол ислам халифатының бірінші халифы болып тағайындалған.

Сіздің өміріңіз – сіздің өліміңізден кейін бөлінетін қаражат пен материалды нысандардан анағұрлым артық әрі құнды. Негізі, адамдарға нұсқаулар қалдырып кету, оларға анағұрлым жеңіл болады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – жақсы өлімге қол жеткізу үшін жақсы өмір сүру керек. Алла разылығы үшін өзгелерге қызмет ету, өлімді еске ала отырып, мән-мағынасы бар өмір сүру.

Ислам мәнмәтініндегі жақсы өлім – тірі кезінде Алла разы болған адамның өлімі. Медицина мәнмәтініндегі жақсы өлім – туған-туыстардың ортасында, қиналмай, еш ауыртпалықсыз көз жұму. Адамзат мәнмәтініндегі жақсы өлім – өзін қоршаған адамдарға пайда әкеле білген адамның өлімі. Айтылған үш мәнмәтіннің бәрі де Алла Елшісінің (ﷺ) өлімінен көрініс тапқан.

Айналып келгенде, өзіміздің тал бесігімізді жер бесікке айырбастап, барар жеріміз қара жердің бауыры болары хақ болса, неліктен сол өлімге дайын болмасқа?

 

asyldin.kz

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: