Салауат оқылуы міндетті болып табылатын 10 кез

Салауат оқылуы міндетті болып табылатын 10 кез

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Раудатул улемде» имам Хасан әл-Басридің (ол кісіге Алланың рақымы болсын) былай айтқаны келтірілген:

«Әбу Исмет ибн Нух қайтыс болған соң оны түсімде көріп, былай сұрадым:

- Уа, Әбу Исмет! Алла Тағала саған қалай қарады?

 - Ол мені кешірді.

- Не себепті?

- Мен Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадистерін келтірген сайын, оның қасиетті есімінен кейін әрқашан салауат айтатынмын. Осы айтылған салауаттарымның арқысында маған Алла кешірім берді.

Куфада бір адам жазу-сызудан бөлек хат жазумен айналысатын болған. Егер хатта Алла Елшісінің (ﷺ) есімі кездесіп отырса, ол оның (ﷺ) есімінен кейін үнемі салауат жазып отыратын болған. Әлгі адам бақилық болып, оны түсінде көргендер одан:

- Калың қалай? – деп сұрапты.

- Алла Тағала маған кешірім берді, - деп жауап беріпті.

- Қалайша? – деп сұрағанда.

- Әр кез мәртебелі Пайғамбарымыздың (ﷺ) есімінен кейін салауат-шәріп жазып отырғаным үшін, - деп жауап беріпті әлгі адам.

Мәртебелі Имам Шафиғи (р.а) қайтыс болған соң, оны түсінде көргендер:

- Әлемдердің Раббысы саған не істеді? – деп сұрапты.

- Ол мені кешірді.

- Не себепті?

- Мына бес салауатты айтқаным үшін деп жауап беріпті:

«Аллахумма салли ғалә Мухаммадин биадади мән салли алейх; уа салли ғала Мухаммадин биадади ман лем юсалли алейх. Уа сәлли ғалә  Мухаммадин кема тухиббу ән тусаллие әлейх. Уа салли ғалә Мухаммадин кема амарта биссаляти алейх. Уа салли аля Мухаммадин кема йенбаги ассаләту әлейх».

Кемеңгерлердің бірі былай айтқан екен: «Қайықта келе жатқанмызда кенеттен дауыл көтерілді. Теңізде толқындар пайда болып, қайығымыз шайқала бастады. Дауыл күшейе түсті де таудай толқындар біздің қайығымызды бірінен-біріне лақтырды. Ақыр соңында, қайығымыз суға бата бастады. Біз тірі қалудан үмітімізді үздік, алайда осы кезде мен ұйықтап кетіп, түсімде Алла Елшісін (ﷺ) көрідім, ол (ﷺ) маған:

- Қайықта отырған адамдар мына салауатты мың рет оқысын, - деп бұйырды.

...Мен оянып кеттім де қайықтағыларға әлгі сөзді жеткіздім. Салауатты айтуды үш жүзге жеткізе бергенде дауыл басыла бастады. Сонда оқыған біздің салауатымыз мынау болатын:

«Аллахумма салли аля сейидина Мухаммадин салятан тунджина биха джамииль ахуали уаль-афат уа такди лана биха джамиальхаджат уа тутаххируна биха мин джамиис сейият уа терфана биха индака аледдереджат уа тубеллигуна биха аксал гайат мин джамииль хайрати фил хайяти уебадел-мемат».

Алла Елшісіне (ﷺ) салауат айту уәжіп және мұстахаб болып табылатын 10 кез мыналар:

1) Намаздағы екінші отырыста;

2) Дұғаның басында және соңында;

3) Мешітке кірерде;

4) Азан үнін тыңдап болған соң;

5) Әр кез Алла Елшісінің (ﷺ) қасиетті есімін естіген, оқыған кезде;

6) Әр кез сүйікті Пайғамбарымыздың (ﷺ) есімін жазған кезде;

7) Жұма күні таңертең және кешке;

8) Біреумен амандасқан кезде;

9) Қасиетті Шағбан айында;

10) Егер біліп-білмей жасаған күнәларыңыз есіңізге түскен заматта: “Лә иләһә илләллаһ, Мухаммад Расулаллаһ” деп айтсаңыз, онда осы қасиетті кәлима таухид пен салауаттың арқасында, Алланың қалауымен, сіздің күнәларыңыз кешірілетін болады.

 «Пайғамбарлар тарихы» кітабынан

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: