Азан кезінде сөйлеуге тыйым салынған ба? Азаншымен бірге азанды қайталауға бола ма? Азан кезінде Құран оқуға бола ма? Дұға жасауға бола ма?
Азан кезінде сөйлеуге тыйым салынбаған, дегенмен, сөйлеу жөн емес. Азанды тыңдау – сүннет, ендеше, адам баласы тек азанға ғана емес, сонымен қатар, асыл дінімізге де құрмет көрсетеді.
Азан шақырылып бастаған кезден бастап, дүние тірлігін тастап, Алла Тағалаға құлшылық жасауға дайындалу. Ислам ғалымдарының басым көпшілігі былай айтқан: «Адам баласы қандай шаруа асап жатпасын, азан үнін естігенде, жасап жатқан ісін тоқтата тұрғаны абзал». Мысалы үшін, адам тамақ ішіп жатса, зікір айтсын, ал Құран оқып отырса, оқуын үзе тұрсын.
Азанды отырып тыңдау әрі оның сөздерін қайталау да сүннет болып табылады. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Азан үні естілгенде азаншының сөзін қайталаңдар» (Бұхари, «Азан», 7). Алайда «хаййа аля'с-саля» және «хаййа аля'ль-фаля» сөздерін қайталамауға болады.
Азан айтылып болған соң, мына дұғаны оқыған жөн:
اَللَّهُمَّ رَبَّ هَذِهِ الدَّعْوَةِ التَّامَّةِ وَالصَّلَاةِ الْقَائِمَةِ آتِ مُحَمَّدًا الْوَسِيلَةَ وَالْفَضِيلَةَ وَالدَّرَجَةَ الْعَالِيَةَ الرَّفِيعَةَ وَابْعَثْهُ مَقَامًا مَحْمُودًا الَّذِى وَعَدْتَهُ وَارْزُقْنَا شَفَاعَتَهُ يُوْمَ الْقِيَامَةِ إِنَّكَ لَا تُخْلِفُ الْمِيعَادَ
«Аллахумма рабба хазихид-да'уатит-таммах, уассалятиль каимах. Аати Мухаммаданиль уасилята уаль фадылята уаддараджаталь ‘алияр-рафи’аууаб'асху макамам-махмуданил-лязи уа 'аттах. Уарзукна шафа’атаху йаумаль кыяма. Иннакя ля тухлифульми'ад».
Мағынасы: "Уа, Алла, осы айтылған азан мен дайындалып жатқан намаздың Иесі! Мұхаммедке Жұмақтың ең жоғары дәрежесі «әл-Уасил» мен артықшылықты сыйлап, Өзің оған уәде берген мақтаулы орын "Макам-Махмудте" тірілте гөр! Өз уәдеңде тұратыныңда шүбә жоқ ".
Сондай-ақ, азан мен қамат арасында айтылатын дұғаға да көңіл бөлген жөн. Мәртебелі Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Азан мен қамат арасында айтылған дұға қабыл болмай қоймайды» (Тирмизи, Тахарат, 158).
Егер азан шақырылған сәтте адам бір ерге кетіп бара жатса немесе мешіттің қасынан өтіп бара жатса, онда тоқтап, азанды соңына дейін тыңдап, мешітке кіріп намаз оқығаны дұрыс. Азан – тек қана намаз уақытының кіргенін білдіретін еске түсіру емес, ең алдымен, бұл бізді Алла Тағалаға жақындататын намазға үндеу болып табылатынын естеріңізден шығармаңыз.
asyldin.kz