Бақытқа апарар жол - өмірдегі өз мақсатыңды білуің

Бақытқа апарар жол - өмірдегі өз мақсатыңды білуің

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала Құран-Кәрімде адамзат баласын жаратудағы мақсаты туралы анық айтқан:

«Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» (51:56).

Біз – күллі адамзат баласы, бізге өмір сыйлаған, көретін көз, еститін құлақ, сезімге берілетін жүрек, тыныс алатын өкпе нәсіп еткен Жаратушымызға бойұсынып, құлшылық ету үшін жаратылғанбыз.

Біз көретін жарықты, тіршілік етуіміз үшін қажет су мен оттегін, өмір сүруімізді қамтамасыз ететін қантамыр мен жасаушаларды  бізге кім нәсіп етті? Ең бастысы, осы ұлы нығметтерді пайдалану үшін иман мен ақыл-ой, сана, парасатты кім нәсіп етті?  

Біздің құлшылық етуімізге тек Ол ғана лайық

Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан:

«(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Ол сондай Алла, сендер үшін есту, көру және сезуді жаратқан. Сонда да аз шүкір етесіңдер” де!» (67:23).

Он сегіз мың ғаламды Жаратушы Жалғыз Алла осы уақытқа шейін біздің бойұсынбауымыз үшін Өз нығметтерінен айырып көрді ме? Әлде біреуімізге «күндердің күнінде осы пендемді тек 23 сағат бойы ғана оттегімен қамтамасыз етемін немесе оған күніне 12 сағат қана көру жанарын беремін» деп айтқан ба?

Аллаға шүкір, қажетті нығметтердің бәрін бізге нәсіп еткен Жаратушымызға лайықты түрде бойұсынып немесе құлшылық етпесек те Ол бізді Өз нығметінен айырған емес қой. Ендеше, неге біз лайықты түрде Аллаға мадақ айтып, Оған құлшылық етпеске? Әлде Алла Тағаланың көмегінсіз, рызығынсыз жер бетінде өмір сүрудің басқа бір амалы бар ма?

Өз міндетімізді орындап жүрміз бе?

Көпшілігіміз намаз оқу, жақсы амалдар жасау,  Аллаға құлшылық ету, зұлымдықтан тиылу керектігін біле тұрсақ та, Жаратушымызға бағынбаудың салдары неге әкеліп соғарын түсінсек те, бәрібір Оның қойған шектерін бұзып, Оған бойұсынбауымызды жалғастыра береміз. Солай десек те, біздің мақсатымыз – Аллаға құлшылық ету деп айтуымызды қоймаймыз.

Алайда уақытымызды бір мезеттік тілектерге кетіріп, байлықтың, ғаламат үйлердің, неше-түрлі тағамдардың, қолында билігі бар адамдардың соңынан жүгіріп жүруіміз қалай түсіндіреміз? 

Ал намаз уақыты келгенде біздің жүрегіміз бен санамызды алаңдатушы факторлардан арылмай оны автоматты түрде зуылдатып оқып шығатынымыз сондай, кейде тіпті намазда қай сүрелерді оқығанымызды да есімізге түсіре алмай қаламыз!

Игі міндет

Біздің жаратылу мақсатымыз тек намаз оқып, Рамазан айында ауыз бекітіп, зекет төлеп және қажылыққа барудан ғана тұрмайды. Бұл біз орындауымыз керек міндеттеріміз ғана. Ал біздің мақсатымыз – Жаратушы Жалғыз Алла Тағалаға саналы да шынайы түрде шүкіршілік етіп, құлшылық етуімізде.

Осындай игі міндетті орындауда біздің жүрегіміз тыныштық тауып, біздің санамыз сан-қилы мәселелерден ада болатын болады. Біздің барлық мұқтаждарымызды қамтамасыз етіп, бізге керекті нәрсенің бәрін жаратқан Алла Тағаламен шынайы байланыс орнатқандықтан біз өзімізді жақсы сезінетін боламыз.

Ал қазір ше?..

Аллаға шүкір, Алла Тағала бізді Өз рақымына бөлеп, кеш болмай тұрып Оның мейірімін жете түсінуге және біздің мақсатымызды орындауымызға батылдық нәсіп етті. Мүмкіндік пен қабілеттілік – Алла Тағаланың пендесіне берген ұлы нығметтерінің бірі болып табылады.

Алла Тағала Өзінің тек біраз ғана нығметтерін және өз тіршілігіміздің мақсатын түсініп, білуге қабілеттілік нәсіп етті. Сондай-ақ, Ол күнделікті Оған шынай түрде құлшылық етіп, бойұсынумызға көптеген мүмкіндіктер сыйлады.

Қабілеттілік:

1) Қасиетті Құранда айтылған Оның бұйырғандарын оқып, түсіну және орындау;

 2) Өзіміз насихаттап, жасап жүргендерімізге сену;

3) Зұлымдықтан тыйылып, Тозақ Отынан жанымызды құтқару;

4) Әлемнің түкпір-түкпіріне хақ дінді тарату.

Мүмкіндік:

1) Бос уақыт (Жаратушымыздың сөздерін танып-білуге біздің бос уақытымыз жоқ па?);

2) Денсаулық (көп тырысқан сайын, біз көп сыйға қол жеткіземіз);

3) Өмір (біздің Жаратушымыз кез-келген сәтте үзіліп кететін осынау бір құнды сәттерді бізге нәсіп еткен);

4) Мәңгілік бақытты немесе мәңгілік азапты таңдау.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:

Біз бар-жоғы Алла Тағаланың жаратқан пенделеріміз ғана әрі Оның көмегінсіз біз ештеме де жасай алмаймыз. Тіпті Оған құлшылық ету үшін де біз Оның басшылығына, көмегіне, құдіретіне мұқтажбыз.

Егер сіз әлдебір адамнан күнделікті мұқтаждығыңызды қанағаттандырып отыруын сұрасаңыз, әлгі адам ерте ме кеш пе сізден де, сіздің өтінішіңізден де шаршап, жалығып кететін болады. Алайда Алла Тағала сіз Одан сұраған сайын, өз істеріңізде Оған тәуекел еткен сайын, Онымен ақылдасқан сайын Ол сізді одан сайын жақсы көретінін естеріңізден шығармаңыздар. Ендеше біз Аллаға шүкір айтушы, бойұсынушы әрі сабырлық танытушы құлдарынан болуымыз керек, өйткені Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан:

«(Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін.  Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді» (2:186).

Уа, Алла, бізді үнемі Саған тәуекел ететіндер мен Өзіңе бойұсынатындардың қатарынан ете гөр! Әмин!

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: