ОАР шариғи некені ресми некеге теңестірді

ОАР шариғи некені ресми некеге теңестірді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Оңтүстік Африка Республикасының Жоғарғы Сот инстанциясы жергілікті өзін-өзі басқару органында тіркелетін мұсылман некесін ресми некеге теңестірді.

Мұсылман келіншектер ажыраса қалатын болса мүліктің жартысына және алиментке үміт арта алуы үшін мұндай шешімді сот Серадж Десаи қабылдаған екен. Енді Республика президенті, сондай-ақ, Әділет министрлігі мен Ішкі істер министрлігі 24 айдың ішінде сәйкесінше заңнамалық норма қабылдауы тиіс. Елдің құқық қорғаушылары соттың шешімін қолдаған, олардың айтуынша, енді ислам дінін ұстанушы ОАР мұсылман-келіншектері заң жүзінде қорғалатын болады, өйткені шариғат әйелдердің материалдық қамтамасыз етілу мәселесін нақты тәртіпке келтіргенімен, осы нормалардың жүзеге асырылуын қадағалайтын мемлекеттік ведомство жоқ, ал мұсылман діни ұйымдарының мұндай өкілеттілігі жоқ.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: