Ердоған Бішкектегі Орталық Азиядағы ірі мешіттердің бірін ашты

Ердоған Бішкектегі Орталық Азиядағы ірі мешіттердің бірін ашты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бішкекте аймақтағы аса ірі мешіттердің бірі болып табылатын Орталық мешіт өз есігін салтанатты түрде айқара ашты.

Мешіттің салтанатты ашылу рәсіміне Қырғызстанның президенті Сооронбай Жээнбеков және республикада ресми сапармен жүрген Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қатысты.

«Алыстан көз тартатын керемет зәулім мешіттің құрылысында Түркияның ең үздік сәулеткерлері, инженерлері мен құрылыс компаниялары еңбек етті. Бауырлас түрік халқына, құрлысшыларына шексіз алғысымды білдіремін», - деп атап өткен Қырғызстан басшысы.

Айта кету керек, бұл мешіттің құрылысы 2012 жылы басталған, ал осыдан бірнеше ай бұрын ғана мешіт есігін айқара ашып, халық игілігіне берілген болатын. Мешіт құрылысына 25 миллион доллар жұмсалған. Мешітке көрнекті ислам ғалымы имам Сарахсидің есімі берілді.

Аталмыш мешіт осман сәулеті стилінде салынған. Бір мезгілде бұл мешітте 6 мыңдай мұсылман намаз оқи алады, тағы да 10 мыңдай мұсылман ғибадатхана аумағына жайғасып, құлшылық жасай алады. Сондай-ақ, кешенде білім беру сыныптары мен конференц-зал бар.

 

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: