Америкадағы мешіт азғындардың кезекті шабуылына ұшырады. Бұл жолы Техас штатындағы Остин қаласында орналасқан мешіт қылмыскерлердің қолынан зиян шекті.
Оқиға өткен демалыста орын алған. Белгісіз біреулер мешіттің терезелері мен шыны есіктерді сындырып, мешіттің қасында тұрған автокөліктердің шиналарын жарып кеткен.
Қазіргі таңда жергілікті полиция қылмыскерлерді іздестіру үстінде. Құқық қорғаушылар сыртқы бейнебақылау камераларының жазбасын тексеруде. Алдын-ала белгілі болған мәліметтерге сай, шабуыл жасаушы екі адам болған әрі олардың шабуыл жасау үдерісі толықтай камераларға түсіп қалған.
Бейне жазбада екі азғынның мешіт ауласына қоршаудан секіріп түсіп, жаман пиғылдарын жүзеге асырып жатқаны түсіп қалған. Бұл оқиғадан кейін жергілікті мұсылман қауымына қарулы күзетті жалдауға тура келген.
Айта кету керек, аталмыш мешіт исламофобтардың шабуылына ұшырап отырғаны бірінші рет емес, осыдан екі жыл бұрын осындай шабуылдан кейін күзетшілерді жалға алуға мәжбүр болған.
asyldin.kz