Сауд Арабиясында IT саласында жасалатын қылмыс үшін берілетін жазаның қатаюын меңзейтін қылмыстық заңнамаға түзету енгізу өз күшіне енді.
САК Баспрокуратурасының мәлімдеуінше, бұдан былай Сауд Арабиясы тұрғындарының "қоғамдық қауіпсіздігіне қатер төндіретін" онлайн-контент үшін бес жыл мерзімге дейін түрмеге отырғызылатын болады. Сонымен қатар, 3 миллион риал (800 мың доллар) көлемінде айыппұл да салынады.
Аталмыш ведомствоның мәлімдемесінде келтірілгендей, бұл жазалар «қоғамдық тәртіпті бұзу, діни құндылықтарды, қоғамдық мораль немесе жеке өмірге қол сұқпаушылықты белден басу» туралы ғаламторға материалдар жариялайтындарға қатысты қолданылатын болады.
asyldin.kz