Қазан қаласында мұсылман киносының XIV халықаралық фестивалі басталды

Қазан қаласында мұсылман киносының XIV халықаралық фестивалі басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше 4 қыркүйекте Татарстан астанасы Қазан қаласында мұсылман киносының XIV халықаралық фестивалі басталды.

Биылғы жылы кинофорумға қатысуға 970 рекордтық өтінім түскен. Әлемнің 56 елінен кинематографшылар өз картиналарын қалың халық назарына ұсынуда.

Танымал ресейлік театр мен кино актерлері фестивальдің салтанатты ашылуының құрметті қонақтары болды. Олар – Ресейдің халық әртістері Ирина Алферова,  Эммануил Виторган және Ресейдің мемлекеттік сыйлығының иегері Марат Башаров.

Фестиваль баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, осы жылғы қазылар алқасын түрікмен  актрисасы Мая-Гозель Аймедова басқарды. Қанша жылдан бері келе жатқан дәстүр бойынша, фестивальді РМК төрағасы Равиль Гайнутдин ашты.

Фестивальдің байқау бағдарламасында 10 номинация бойынша 65 фильм:  «Толық метражды ойын фильмдері», «Қысқа метражды ойын фильмдері», «Толық метражды деректі фильмдер», «Қысқа метражды деректі фильмдер», «Жас Ресей» және «Ұлттық байқау» номинациясында 15 фильм ұсынылды.

Фестиваль мүсіншесі ең үздік режиссура, сценарий, операторлық жұмыс, әйел және ер адам рөлі үшін де берілетін болады.
Байқаудан тыс бағдарламада «Ресей – Ислам әлемі», «Мәдениеттер диалогы», «Балалық шақ киноәлемі» және «Киносынама» тәрізді номинациялар да бар.

Осы жылғы Қазан халықаралық мұсылман кино фестивалі ТР президенті Рустам Минниханов басқаратын «Ресей – ислам әлемі» стратегиялық тобымен бірлесе отырып өткізілуде.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: