«Шариғат және пәтуа» бөлімінің меңгерушісі Шу қаласында

«Шариғат және пәтуа» бөлімінің меңгерушісі Шу қаласында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Он екі айдың сұлтаны Рамазан айында ҚМДБ жанындағы «Шариғат және пәтуа» бөлімінің меңгерушісі, белгілі уағызшы, ұстаз Сансызбай қажы Құрбанұлы Шу жамағатымен жүздесті.

Күндердің ұлығы жұма күні, Сансызбай қажы Құрбанұлы Шу қаласындағы  «Жәми» мешітінде жұма намазына жиналған жамағатқа «Қадір түнінің қасиеті»жайында тартымды да, тағылымды уағыз айтты. Арнайы іс-сапармен келген ұстазды Шу қаласының бас имамы Қуат қажы Дүйсенбайұлы жамағатқа таныстырды.

Қадір түнінің қасиеті турасында Алла Тағала Құранда арнайы Қадір сүресін түсіргендігін айтып мағынасына тоқталды. Қадір түні мың айдан да, хайырлы екенін жеткізіп, қасиетті түнді барынша құлшылық ғибадатпен өткізуге шақырды. Періштелер мұсылман үмметін аралап, қандай ғибадат жасағандарын, таң намазына дейінгі дұға-тілектерін тыңдап, амал дәптерлеріне мол сауап жазып тұрады. Жамандық азаятын, құлшылық пен игі істер көбейетін түн. Сондықтан осы бір айтулы түнді құлшылықты құлшынып жасауға үндеді.

Сөз соңында келе жатқан қасиетті қадір түнімен құттықтап, алдымыздағы санаулы күндерде келетін мұсылмандардың айтулы екі мерекесінің бірі Ораза айтымен құттықтап, еліміздің тыныштығы, халқымыздың амандығы үшін дұға жасады.

 

Шу қалалық «Жәми» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: