Шу қаласы теміржолшылар қаласы, сондай-ақ тоғыз жолдың торабы екені белгілі. Жыл басынан бері Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлының басшылығымен мекемелерде әртүрлі тақырыптарда кездесу өткізілуде. Соның бірі қаладағы Шу машиналандырылған жол дистанциясы ПЧМ-да «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамы Нұрлыханов Бақыт кездесу өткізді.
Кезедесуде Ислам дінінің экстремизм мен терроризм сынды лаңкестік әрекеттерге әсте қатысы жоқ, таза, асыл дін екендігі және асыл дініміздің артықшылықтары түсіндірілді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің Баспасөз қызметі