Балаларға қуаныш сыйлады

Балаларға қуаныш сыйлады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген қағида бұл күндері қамқор азаматтардың ұранына айналғандай. Олай дейтініміз, қасиетті Рамазан айында көптеген жаны жомарт адамдар мұқтаж жандарға барынша қол ұшын созып, түрлі демеушілік көмектер көрсетіп жатыр. Соның бір дәлелі, Шу аудандық «Төле би» мешітінің жамағаттары Е.Тулебаев және Ғ.Хакимов  есімді азаматтар және аудандық мешіттің наиб имамы Талғат Кәрібайұлы, «Аққайың» балабақшасының бүлдіршіндеріне жатын киім, шырын мен тәтті тоқаш тарту етіп, балаларға қуаныш сыйлады.

Жалпы, «Аққайың» балабақшасында аудандық туберкулезге қарсы аурухананың жолдамасымен келетін балалар тәрбиеленеді. Бүгінгі таңда мұндағы екі топта жас ерекшеліктері әр түрлі  50 бала бар. Оларға жыл сайын Рамазан айында осындай қайырымдылық көмектер көрсетіліп тұрады. Биыл Рамазан айында балаларға қамқорлық танытып, демеушілік көрсеткен азаматтарға балабақша меңгерушісі Жұмагүл Ратжанқызы шексіз алғысын айтты.

                                   Шу аудандық «Төле би» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: