Наиб имам мешіттерді аралап қайтты

Наиб имам мешіттерді аралап қайтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлының тапсырмасымен аудандық «Төле би» мешітінің наиб имамы Талғат Кәрібайұлы ауданымызға қарасты бір қатар мешіттерді аралап, имам-молдалардың атқарып жатқан жұмыстарын көріп қайтты.

Атап айтсақ, «Хати Сауранбай», «Жаңа жол», «Бірлікүстем», «Д.Қонаев» мешіттерінде болып, ҚМДБ-нан және облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінен келіп түскен тапсырмалар қандай  деңгейде атқарылып жатқанын қадағалап, ауыл имам-молдаларына алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың ретін түсіндіріп, бірнеше тапсырмалар жүктеді.

Сол тапсырмалардың ішінде ауыл тұрғындарымен жақсы қарым-қатынаста болып, мешіттегі оқу-ағарту жұмыстарына аса мән беріп, мешіт жамағатымен ауызбіршілікті сақтап, жұдырықтай жұмыла жұмыс жасау керектігін және мешіттің ішкі-сыртқы тазалығы туралы да  айтып өтті.

Аталған іс-шара алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

 

                                                     Шу аудандық «Төле би» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: