Мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды

Мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жақсы ниет жақсылыққа жетелейтіні сөзсіз. Қайырымды жандардың демеушілігімен  қасиетті жұма күні Шу аудандық "Төле би" мешітінде əлеуметтік жағдайы төмен 7 отбасына  қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, азық-түлік (7 қап ұн, 21 л сұйық май, 35 кг макарон, 35 кг қант, 7 л қызанақ пастасы жəне тұз) таратылды.   

Мешіттің наиб имамы Талғат Кəрібайұлы мешітке  келген аудан тұрғындарына: "Баршылық та, жоқшылық та Алланың сынағы екенін, Алла Тағала адам баласына дүниені беріп те сынайды, алып та сынайды. Жаратқан Алла баршамызға үлкен сабырлық берсін", - деп жылы сөзбен демеу білдірді. 
 
Мұқтаж жандар қайырымдылық шарасын ұйымдастырған Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлына, мешіт ұжымына жəне Нұржан бауырымыз бен Ғалия əкпемізге алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын білдірді.
 
 
Шу аудандық "Төле би" мешітінің Баспасөз қызметі
 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: