Аудандық «Қордай» мешіті жылда қалыптасқан дәстүр бойынша жаздың алғашқы күнін білім нұрын шашумен бастап, жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастап кеткен.
Мешіт ауласы бала күлкісімен, ойын баласының шаттығына толды. Шәкірттердің жан-жақты ата дін туралы дұрыс білім алу басты назарда. Осы мақсатта мешіт бас имамы Д.Жандосұлы жас бүлдіршіндерге «Пайғамбар қалдырған мирас» атты тәрбие сағатын өткізді. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі өмірінен үзінділер келтірген бас имам мұсылман үшін алғашқы үлгі тұтар тұлға ол соңғы Елші Мұхаммед (с.ғ.с.) екенін жеткізе білді.
Мешітіміздің қыздар тобына ҚМДБ жариялаған «Ислам және отбасы» жылына орай отбасылық құндылықтар туралы тәрбие сағаты да әзірленуде.
«Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі