«Дін – ғылымның анасы» республикалық жыр бәйгесі өз мәресіне жетті

«Дін – ғылымның анасы» республикалық жыр бәйгесі өз мәресіне жетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында «Дін – ғылымның анасы» атты республикалық жыр бәйгесінің марапаттау рәсімі өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында үстіміздегі жылдың қаңтар айында орталық «һибатулла Тарази» мешіті мен Жамбыл атындағы «Руханият» орталығының ұйымдастыруымен «Дін – ғылымның анасы» атты республикалық жыр бәйгесі жарияланған болатын.

Жыр бәйгесіне барлығы 16 конверт яғни 32 шығарма келіп түсті.

Іс-шараға ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қайырбек Асанов, ақын Шорабек Айдаров, Тараз Мемлекеттік Университетінің аға оқытушысы, доцент, ф.ғ.к. Сейсекүл Исматовалар қазылық етті. Қазылар алқасы алдын - ала жиналып шығармаларды оқып, талқылап жеңімпаздарын анықтады.

Қазылар алқасының ұйғарымымен І орынға Эльдар Боранбек (Жамбыл облысы, Талас ауданы) лайықты деп танылды, ІІ орынға Мұстафа Машрапов (Тараз қаласы) ие болса, ІІІ орынға Ералы Әблезов (Тараз қаласы) ие болды.

Бас жүлде иегері  Эльдар Боранбекті ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Әлимұхамедұлы құттықтап, диплом табыс етті.

Сонымен қатар, ынталандыру сыйлықтарымен 3 ақын марапатталды. Олар, Ақаш Көксегенов (Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы), Мұхағали Кенжетаев (Оңтүстік Қазақстан облысы), Жалғас Оразбек (Жамбыл облысы).

Іс-шараға Жамбыл облыстық орталық «һибатулла Тарази» мешіті, республикалық «Қазақ әдебиеті» газеті, республикалық «Асыл арна» рухани-ағартушылық телеарнасы мен облыстық «Jambyl» телеарнасы демеушілік көрсетті.

Жыр бәйгесін республикалық «Асыл арна» телеарнасы түсіріп маусым айының 11-нен 12 –не қараған «Қадір түні» көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

 

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: