Байзақ ауданында шәкірттер оқытылуда

Байзақ ауданында шәкірттер оқытылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданындағы «Байзақ баба» мешітінде жасөспірімдерге арналған діни сауат ашу курстары өз жұмысын бастады.

Мұндағы мақсат қазіргі жастардың діни сауатын дамыту, жастардың арасында Құран Кәрімді мәнерлеп оқуды кеңінен насихаттау.

Дәрісті «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Каримбаев Айбек және «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірті Кенжебаев Құттыбек өткізіп жатыр. Мешіт шәкірттеріне «Мұғалим сани», «Тәжуид», «Құран Кәрімнен» сабақтар берілуде. Сонымен қатар, «40 парыз», «Намаз», «Дәрет», «Пайғамбарлар тарихынан» қосымша дәрістер жүргізіліп жатыр.

«Байзақ баба» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: