Таразда жазғы сауат ашу курсы басталды

Таразда жазғы сауат ашу курсы басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешіті ұстаздарының ұйымдастыруымен жазғы «Сауат ашу» курсы басталды.

Шәкірттер мен ата-аналарының қатысуымен болған жиында мешіт Бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы сөз сөйледі. Бас имам баланы жақсы істерге ынталандыру, жасөспірімнің бойына үйдегі тәрбиемен қатар Алланың үйіндегі рухани тәлім-тәрбиенің маңызына тоқталды.

Бұл курста «Құран әліппесі», «Көркем мінез», «Пайғамбарымыздың өмірбаяны» және «Иман негіздері» пәндері оқытылады.

«Ислам діні ата-ана мен баланың қарым-қатынасын жақсы деңгейде болуын назарда ұстайды. Осы мақсатта ата-анаға артылатын міндеттер аса маңызды. Ол үшін баланың бүгіні ғана емес, ертеңгі өміріне де дайындық жасалуы талап етіледі. Яғни, Алланы танытып, иманды, келешекте соңымыздан дұға ететін салиқалы ұрпақ тәрбиелеу – міндетіміз», - деді бас имам.

Сонымен қатар «Барлығың бір үйірдің бағушысы. Бағушы үйірін қорғағаны секілді сендер де үйлеріңдегі және қол астыларыңдағы адамдарды жаһаннам отынан қорғауға тиіссіңдер! Оларға мұсылмандықты үйретпесеңдер олар үшін жауапты боласыңдар!» - деген Мүслимнен жеткен хадисты айтты.

«Бала тәрбиесі – ата-анаға міндет. Сол себепті оған немқұрайлылық танытпайық. Отбасында тыныштық, береке-бірлік және ілімге деген құштарлық болғанда ғана одан салиқалы ұрпақ өсіп шығады» - деп, бас имам шәкірттерге сәттілік тілегін айтты.

Жиын соңында ата-аналар балаларын курсқа қабылдату үшін өз өтініштері мен келісімдерін жазып қалдырды.

                   «Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: