«Һибатулла Тарази» медресесінің әйел жамағаты қасиетті Рамазан айында Құран Кәрімді толығымен оқып, хатым дұғасын жасады.
21 мамыр күні басталған Құран Кәрімді басынан аяғына дейін хатым ете отырып, «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Үсенова Зейнеп және отызға жуық әйел шәкірттер еліміздің, жеріміздің, мұсылмандардың амандығы үшін, әр отбасыға береке тілеп, дұға жасады.
«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі