«Байзақ баба» мешітінде ауызашар берілуде

«Байзақ баба» мешітінде ауызашар берілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданындағы «Байзақ баба» мешітінде күнделікті 300 адамға ауызашар беріліп жатыр.

Дұғаның қабыл болтын кезі және де мұсылмандардың қуанышы осы ауыз ашқан уақытта. Сол себепті Рамазан айында ауыз бекіткен адамдарға ауыл тұрғындары, жеке кәсіпкерлер, жеке адам немесе бірігіп «Байзақ баба» мешітінің ішінде және ауласында ауызашар ұйымдастырып келеді.

Осы игі істен қалыспайын деп аудандық Ішкі істер басқармасы, аудандық прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеттері бірігіп ауызашар берді.

Осы шараны ұйымдастырып жатқан «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қажыға мешіт ақсақалдары ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

«Байзақ баба» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: