Тараз қаласындағы орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады. 7 мен 15 жас аралығындағы 100 бала енді үш апта бойы орталық мешітте діни сауатын жетілдіріп, жазғы демалыстарын пайдалы өткізетін болады. Мешіт ұстаздарының мәжілісінде бекітілген оқу жоспарына сәйкес өткізілетін «Құран әліппесі» мен «Имандылық әліппесі», «Әдеп» және «Дұға» сабақтары бүлдіршіндердің діни білім алып қана қоймай, тәрбие мен әдептілікті бойына сіңіріп шығуына септігін тигізбек.
Бас имам Данияр Жұмабаевтың бастамасымен биылғы жылы жазғы лагерьге қабылданатын балалар саны көбейіп, сондай-ақ арнайы оқу ережесі мен бағдарламасы бекітіліп отыр. Бұған қоса, жастар үшін жадынама жасалып, білім беру жүйесінің жаңа деңгейін қалыптастыруға күш салынуда.
2 айға созылатын жазғы сауат ашу курсы аясында оқушылар арасында түрлі білім жарыстары мен сурет сайыстарын ұйымдастыру да жоспарланып отыр.
«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі