Шу қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамы Нұрлыханов Бақыттың ұйымдастыруымен он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазан айында мүмкіндігі шектеулі 23 балаға қайырымдылық шарасы жасалды.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы дастархан жайылып, сыйлықтар үлестірілді. Рамазан айында жомарт кәсіпкер, іс шараға демеушілік жасаған Жадыраев Бақытжанға ата-аналар алғыстарын жеткізді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі