Рамазан айының алғашқы күнінен бастап мешіт асханасында ауызашар ұйымдастырылып жатыр.
Бұл ауызашарда мешіт жамағаты, жағдайы төмен отбасылар, алғаш рет ауыз бекіткен жастар және көп балалы жанұялар қамтылған.
Мешіт жамағатынан өзге, ауыл азаматтары өтініш жасап 100-150 адамға дастархан дайындап, ауызашар беруде.
Жағдай төмен отбасыларына, ауызашар соңында сәресіде тамақтанатын түрлі тағамдар салынған пакеттер таратылады. Бұл жанұя мүшелері мешіттің тұрақты қонағына айналды десе де болады. Ауызашар қасиетті Рамазан айы аяқталғанша жалғасады.
Аудандық «Меркі ата» мешітінің Баспасөз қызметі